Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Лисаков қаласы білім бөлімінің №3 жалпы білім беретін мектебі»коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңды тұлға болып табылады. (2021 жылдың 15 қаңтарындағы заңды тұлғаны қайта тіркеу туралы анықтамасы, 1999 жылы 3 маусымда алғашқы рет тіркелген), коммерциялық емес, мемлекеттік бюджет есебінен ұсталады және мемлекет құрған ұйым. Мемлекеттік мекеменің заңды мекен-жайы: 111200, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Лисаков қаласы, 3 шағынаудан, 23 ғимарат, телефон 8 (71433) 3-29-60. Мектеп өз қызметін 2021 жылғы 05 қаңтардағы №21 қаулысымен бекітілген Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Лисаков қаласы білім бөлімінің №3 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жарғысы негізінде жүзеге асыруда. Мектеп Жарғысы ҚР «Білім туралы» Заңының 41 бабына сәйкес келеді. Мектеп жарғысына сәйкес мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы «Қостанай облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі болып табылады. Мектеп қызметінің негізгі мақсаты-жалпы білім беру бағдарламаларының міндетті мазмұнын меңгеру, оқушылардың өміріне, қоғамда әлеуметтік бейімделуі, азаматтық тәрбиесі мен Отанға деген сүйіспеншілігі негізінде оқушылардың жалпы ғылыми және жалпы мәдени дайындығын қалыптастыру болып табылады. Мектеп 2021 жылдың 12 ақпанында берген №KZ57LAA00023328 мемелекеттік лицензиясына сәйкес бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беретін бағдарламалары бойынша білім беру қызметімен айналысады. Мектeп 1971 жылы салынған. Лисаков қаласы әкімдігінің 2004 жылдың 9 қарашасындағы №553 қаулысы негізінде қазақ тілінде білім беретін мектеп ретінде ашылған. Мектептің жобалық сыйымдылығы 500 оқушы. Мектеп ғимаратында спорт залы, мәжіліс залы, шеберхана, кітапхана, асхана, арнайы жабдықталған информатика, биология, физика, химия кабинеттері және медициналық кабинет бар. Мектеп алаңында 2014 жылы 15972800 теңгеге жасалған спорт алаңы бар.