Мақсаты: ата-ана, оқушы және мұғалім 3 жақты қарым-қатынасты нығайта отырып, балаларға деген сүйіспеншілікті арттыру.

«Сені көргеніме қуаныштымын...» жаттығуы
Мақсаты: Қатысушылардың жағымды жақтарын анықтау.
Жаттығу барысы: Әрбір қатысушы өз көршісіне келесі сөздерді айтады: «Мен сені көргеніме қуаныштымын, себебі ...». Бұл сөйлемді адамның сыртқы келбетіне байланысты сөзбен емес, мінез ерекшеліне байланысты сөзбен аяқтау керек.
Бұл жаттығуды орындау сізге қиын болды ма?
Көршіңіз «Мен сізді көруге қуаныштымын » деген сөзді айтқан кезде қандай сезімде болдыңыз?
«Сиқырлы сөздер» ойыны
Психолог кез-келген өтінішті айтады, ал ата-ана оны әдепті түрде айтуы керек. Мысалы: Шолпан , дәптерді беріңізші . «Шолпан , өтінемін дәптерді беріңізші »
Ата-аналарға жаднамалар мен сенім телефондары таратылып, кеңестер берілді.




