16- ақпан күні « Кәмелетке толмағандардың суицидтік мінез-құлықтың және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу» атты тақырыпта 5- 11- сынып ата-аналарымен жалпы мектепішілік жиналыс өтті.
Мақсаты: Кәмелетке толмағандардың суицидтік мінез-құлықтың және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жайлы ата-аналарды ақпараттандыру .
Міндеттері:
1.суицидтік мінез-құлықтың алдын алу мәселелерінде ата-аналар қоғамдастығының психикалық сауаттылығының маңызын арттыру;
2.кәмелетке толмағандардың суицидтік мінез-құлқының себептері мен хабарларымен танысу;
- балаларға қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық белгілері: анықтау және шаралар қабылдау;
- отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелерінде психологиялық қолдау көрсету
Ата-аналарға мектеп жантанушысы Жасөспірімнің өміріне қандай қауіптер мен қауіптер бар?, Өмірдің қолайсыз жағдайлары не болуы мүмкін?, Қауіп бар екенін қалай түсінуге болады? Деген сұрақтар төңірегінде түсініктер бере отырып, “Ата-ананың айқайы”, “Ваза” бейнероликтерін көрсетіп, ата-аналардың ойларын ортаға салды. Қандай да ашу-ыза туындаған кезде адам өзін қалайша сабырға келу барысында “Ашу-ызаны басу “ жаттығуын тамашалады
Жиналыстың практикалық бөлімінде ата-аналарға арналған психологиялық тренинг болды.
Мақсаты: Кәмелетке толмағандардың суицидтік мінез-құлықтың және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жайлы ата-аналарды ақпараттандыру және кеңестер беру.
- Тренинг барысында мұғалімдер мен ата-аналарға “Құндылық» жаттығуы өткізіліп, нәтижесінде баланың өміріне қатысу дәрежелері қаншалықты екені бағаланды.
- «Сенімділік » жаттығуы барысында ата-аналар қаншалықты баласына сенімді байланыс орната алатыны анықталып, нәтижесінде сенімділік байланысты қалпына келтіру мақсатында кеңестер берілді.
- «Біз біргеміз» атты жаттығу барысында ата-аналар мен ұстаздар әртүрлі қимылды қозғалыстар барысында қаншалықты дәрежеде балаларға қолдау көрсететіні анықталып, кеңестер берілді.
- Мұғалімдер мен ата-аналарға бейне роликтер арқылы кеңестер берілді.
Балаңызды ешқашан қараусыз қалдырмаңыз. Оның кіммен дос болып жүргенін, сыртқы ортада өзін қалай ұстайтынын, қандай дүниелерге қызығушылығы басым, нені ұнатады, нені ұнатпайды осының бәрін ата-ана білуі қажет. Себебі бала өскен сайын оның қызығушылығы да өзгеріп отырады. Сонымен қатар ата-ана баланың ғаламторда немен айналысатынын, оның қандай чаттарға, топтарға, әлеуметтік желілерге кіретінін, кімдермен араласатынын, сөйлесетінін білу маңызды және үлкендер баларына ғаламтор желісінде қандай да бір адамға өзі туралы ешбір ақпарат бермеуі тиіс екендігін түсіндіргені жөн және желідегі дос болып жүрген бейтаныс жандармен өз бетімен кездесуіне жол бермегені дұрыс.
Балаңыздың бос уақытын қадағалаңыз. Көбінде балалар бос уақытын ғаламторда өткізеді. Себебі бүгінде ғаламторды білмейтін жеткіншек жоқ. Сондықтан ата-ана баланың ғаламтор желісіндегі уақытына бақылау жүргізу қажет. Сонымен қатар ата-ана ғаламтордағы зорлық-зомбылық, алаяқтар мен құмар ойындардан, зиянды форумдар мен тыйым салған идеологиядан өз баласын сақтандырғаны жөн. Яғни баланың ақпараттық қаіпсіздігіне ұқыппен қарағайсыз. Сондай-ақ балаңыздың күн тәртімен дұрыс жұмыс жасай біліңіз.
Балаңыздың сабақ үлгерімін үнемі тексеріп отырыңыз. Ата-ананың бала алдындағы жауапкершілік жүгі ауыр деуге де болады. Себебі сіз қанша жерден жұмыстан шаршап келсеңіз де, балаға ерекше көңіл бөлу қажет. Балаңыздың бүгінгі күннің қалай өткенін, қай сабақтан ақсап жүргенін, қандай бағаларды алып жүргенін күнделікті тексеру жүргізу арқылы ғана біле аласыз.
Балаңызды мақтан тұтыңыз. Қолдау білдіріңіз. Мінсіз жақсы көріңіз. Осы тұста балаңызға «маған жаман бала керек емес», «мен не айтам, соны орында», немесе «сенен түк шықпайды» деген секілді баланың өмірде жетістікке жетуіне кедергі болатын сөздерді тілдік қордан алып тастаңыз. Керісінше оның орнына «жарайсың», «жақсы», «бәрекелді», «тамаша», «сен бүгін көп іс бітірдің» деген сөздермен алмастырыңыз. Себебі бала өзіне айтылған мақтауға лайық болуға тырысады. Сонымен қатар ата-ана баланың өзін-өзі дұрыс бағалауына зор ықпал ететін естен шығармағаны жөн.
Балаңызға сенім артыңыз. Ұлы Абай атамыз: «Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады» деген екен. Сол секілді жақсы ата-ана болуға тырысыңыз. Себебі балаңыз – сіздің айнаңыз. Ал өтірік айтудан қашатын, мейірімділік пен бауырмалдыққа баулыймын десеңіз, жай ған балаңызға сеніңіз, шынайы сенім артыңыз және өзіңіз соған лайық болыңыз. Сонымен қатар балаға қатысты барлық дүниеге жауапкершілікпен қараңыз.
Рефлекция кезінде ата-аналар жасөспірімдердің суицидтік мінез-құлқы және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы өз ойларын ортаға сала отырып, жаттығулар кезінде бірнеше кеңестер алды.






