
«Менің сүйікті мамандығым» жаттығуы. (Әр топтағы қатысушылар бір жаттығуды орындап көрсетеді)
Жаттығудың мақсаты: кәсіптік іс-әрекет стилінің индивидуалдық эффективті тәсілдері мен шараларын іс-жүзінде өтеу (отработка)
Мұғалімдер топпен отырады.. Психолог топтың әрбір мүшесіне алдарында оқушылар тұр деп елестете отырып сәлемдесуді ұсынады. Мысалы, «Сәлеметсіңдер ме, балалар!» Бұл жерде фразаны жестпен, позамен, бет әлпет қимылымен қуаттауға болады. Топ мүшелерінің барлығы сәлемдесіп болғаннан кейін жалпы талқылау өткізіледі. Сәлемдесудің қайсысы ашық және мейірімді, кімнің фразасы белсенді іс-әрекетке эффективті стимул болды, мұғалімдер бала позициясынан өз әсерлерімен бөліседі.
Бұл жаттығуда жеке индивидуалдық іс-әрекет стилін табуға көмектесу үшін әрбір қатысушымен кері байланыс орнатылады. Айта кететін жай, бұл проблема енді жұмыс жасай бастаған жас мамандар арасында ғана актуалды емес. Көп жылдар бойы қызмет етіп, дағдылары қалыптасқан, жұмыс істеуі автоматтандырылған мұғалімдер арасында да қажет. Олар өздерінің кәсіби шаралар арсеналын кеңейтіп, жанарту үшін маңызды. Бұл жерде жекелік ашудағы үлесімділік пен толық жетілуді табу.
«Сиқырлы қобдиша» жаттығуы.
Нұсқау:
- ортада сиқырлы қобдиша тұрады. Сыйлықтар қағазға жазылған адамгершілік қасиеттер.
Жаттығу шарты:
- қобдишадан әр қатысушы кезекпен бір сыйлықты таңдап алып, шінде жазылған сөзді лайықты деп санаған адамға сыйлайды. Сыйлықтар үлестірілгеннен кейін, шеңбер бойынша өзінің сыйлығын айтады.
Рефлексия: сонымен, қоршаған орта да осы қасиетке сізді лайық деп таныса, жеке-жеке қошемет көрсетейік. Сыйлықтарыңыз құтты болсын!




