Қазан-қараша айларында 5- сынып оқушылармен «Мен және біз», «5- сынып дегеніміз не ?» атты психологиялық тренингтер өткізіліп, оқушылар өз ойларын ортаға салды. Нәтижесінде балалар ортаңғы буын ережесімен және әр пән мұғалімімен танысты.
Оқушылардың қарым-қатынасын анықтау мақсатында Дж.Мореноның «Социометрия» әдістемесін өткізіліп, нәтижесінде оқушылардың қарым - қатынасы, ұйымшылдығы жақсы екені анықталды.
«Достық күлімсіреуден басталады» жаттығуы
Мақсаты: сөзсіз алғашқы эмоционалдық жағымды байланысты орнату.
Барлық қатысушылар шеңбер бойынша отырады, әрқайсысы кезекпен көршілеріне қарап күлімсірейді.
“Жылы сөз” ойыны.
Мақсаты: балалардың белсенділігін арттырып, эмоциялық қысымды жою.
Барысы: Барлық қатысушылар шеңбер жасап тұрады. Бастаушы өзінің көршісіне бұрылып қошемет сөз айтады (комплимент), ол оған рахмет айтып келесі адамға жақсы сөз айтады. Ойынды бәрі жылы сөз тыңдап болғаннан кейін тоқтатуға болады.
Баланың психологиялық көңіл-күйін ескеріп оны қалыпты жағдайда ұстау үшін түрлі жаттығулар жасату өз нәтижесін көрсетті.





