Күзгі демалыс  кезінде сақталатын 

ҚАУІПСІЗДІК  ЕРЕЖЕЛЕРІ

Мақсаты: оқушылардың өмірі мен денсаулығына төнетін қауіп – қатерлердің алдын алу.

Күзгі  демалыс кезінде оқушының өмірі мен денсаулығына төнетін қауіп – қатердің алдын алу мақсатында оқушылар мен ата – аналардың төмендегі жайттарды ескергені жөн:

  1. Жолда жүру ережелерін сақтау.
  2. Өрт қауіпсіздігін сақтау.
  3. Саяхат кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау.
  4. Мектеп ішінде(оқу кабинетте, үзілісте коридорда) тәртіп ережесі
  5. (Үзіліс –ол демалыс үшін! Келесі сабаққа дайындалу үшін беріледі. Сондықтан, үзілісте жүгіруге, алысуға, бір біріне аяқтарын қойып құлатуға (подножка)  қатаң тиым салынады)
  6. Қоғамдық орындарда болған кездегі қауіпсіздік ережелерін сақтау.
  7. Мұз үстіндегі қауіпсіздік шараларын сақтау.

Күн суытып, мұз қату мерзімі келді. Балалар коньки киіп, бірер сағат мұзға шығуға шыдамсыздық танытады. Бірақ тоған, өзен, көл бетіне шығуға асығуға болмайды. Бірінші мұз өте қауіпті. Біздің облыста қараша-желтоқсан айларында мұз қата бастайды. Мұз бұл кезде жұқа, ауырды көтере алмайды,абайламасаң бұл қайғылы жағдайға әкеліп соғады.

 

Мұны білу қажет!

  • Адам үшін қауіпсіз болып тұщы суда 10 сантиметрден кем емес ал тұзды суда 15 см. қалындық мұз болып саналады. 
  • Өзен сағасында және саласында мұз әлсіз келеді. Мұз жылдам ағыс орындарында, су бұрқақтап ағып жатқан және ағып жатқан жерлерде, сондай-ақ балдыр өсетін аудандарында, ағаштарға, көшет және қамыстарға жақын жерлерде әлсіз. 
  • Егер 3 күннен аса ауа температурасы 0 градустан жоғары болып тұрса, онда мұздың беріктігі 25% төмендейді.
  • Мұздың беріктігін көзбенде анықтауға болады: мұз көгілдір түсті – берік, ақ – оның беріктігі 2 есеге кем; сұр, күнгірт-ақ немесе сары реңкті болса мұз осал.

 

Тыйым салынады:

  • Қалыңдағы 7 сантиметрден жұқа болса, мұз үстіне шығуға;
  • дұрыс қатпаған, бетін қар басып калған мұз үстінде сырғанауға және топталып тұруға;
  • мұз үстіндегі білмейтін жерлерге жаға-жайдағы жардан сырғанып түсуге;
  • тез су ағымы бар жерлерде, бұлақты жерлерде ойнауға;
  • мұз үстінен қауіпсіздік белгілері жоқ жерден өтуге;
  • мұздың қалыңдағы 25 см-ден аспайтын болса, мұз айдынын жасауға;
  • егер де тәулік бойы ауаның температурасы құбылып тұрса, мұз үстіне шығуға, әсіресе түнгі уақыттарда.