ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ

«ЛИСАКОВ ҚАЛАСЫ №3 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ»

КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

ТАҚЫРЫБЫ: 1 – сыныптың бейімделуі

МАҚСАТЫ: оқушылардың мектепке бейімделу деңгейін, икемделуінде қиындықтары бар балаларды анықтау, баланың мұғаліммен қарым-қатынасының және сыныпта әлеуметтік жағдайының қолайлы болуына жағдай жасау

1 «А» сыныбының сынып жетекшісі – Мауленова Г.С.. Сыныпта  24 оқушы. Оның 14-і қыз бала, 10-ы ер бала. Оқушылардың жас ерекшеліктері әртүрлі.  8 жастан -2 оқушы, 7-жастан 6 оқушы, 6 жастан -16 оқушы.  Және осы балалардың бастапқы білім базасы да әртүрлі. Кейбір оқушы әріпті де, санды да танымай келсе, кейбірі буындап оқи алады. Барлығы дерлік балабақшаға  барған.

Денсаулықтарына байланысты тексеруден өтті. Сыныпта 1 оқушы ерекше білімді қажет етеді. (анықтама бойынша). 5 оқушының тілдерінде деффекті бар, логопедтің көмегін қажет етеді.

    Сынып ұжым болып қалыптасып келеді. Сынып белсенділері бар, сынып кезекшілігі өз міндеттерін атқарып жүреді. Бір-бірімен тату болуға, мектеп ережесін сақтауға үнемі бағыт беріліп отырады.

    Қиындық тудыратын жағдай – өз тілдерінде ойларын жеткізе алмау және өзара сөйлескенде орыс тілін қолдану. Түсіндіріліп жатқан материалдарды мүлдем қазақ тілінде қабылдай алмай отыратын оқушылар да бар.

Жалпы сынып оқушыларының мектепке, сыныпқа, мұғалімге, бірі-біріне бейімделуі жақсы. Мұғалім талабын орындауға тырысады. Әліппеден оқушылар дыбыстарды меңгерген, сөздерді буындап та, тұтастай оқи алады. Математика сабағында балалар ауызша, жазбаша есептерді шапшаң шығаруға бейімделген. Жеке, жұппен, топпен жұмыс сабақ барысында қолданылады, оған балалар төселіп қалған

Ұсыныс:

  • мектепке бейімделуі төмен оқушыларға ерекше зейін аударып, оқуға деген жағымды қатынас орнату;
  • өзін-өзі бағалауы төмен оқушыларда өзіндік бағасын жоғарылату үшін қолдап, жағдай жасауға көмектесу, бала мектепке білім алып тәрбиелену үшін келетінін үнемі айтып отыру;
  • оқушыларда кеңістіктік байланыстар орнату қабілетін, көрнекілік қабылдау дәлдігін дамыту.