Ақпан айында мектеп жантанушысы мен әлеуметтік педагог « Кәмелетке толмағандардың суицидтік мінез-құлықтың және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу» атты тақырыпта 5- 11- сынып оқушыларына түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Мақсаты: Кәмелетке толмағандардың суицидтік мінез-құлықтың және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жайлы оқушыларды ақпараттандыру .
Мектептегі тұлғааралық қарым-қатынасты жандандыру барысында
- Баланы өз күші мен мүмкіндігіне сендіру
- Баланың тәртібін қадағалау,
- Құрбы-қатарларымен қарым-қатынасын сараптау
- Белсенділігін арттыру
- Түсіністік және жанашырлық таныту бағытында педагогикалық-психологиялық түсіндірмен жұмыстары жүргізіліп, балалардан «Суицидтің және зорлық-зомбылықтың алдын алу» мақсатында сауалнама, анкеталар алынды.
Балалардың өзін-өзіне сенімділік артыру мақсатында «Сенімділік –күш береді» және «Қобалжу деңгейін төмендету » атты тақырыпта психологиялық тренинг өтті.
Мазасыздық пен қобалжуды төмендету жаттығулары:
1-жатгығу. Адам кеңістікке біршама уақыт қозғала отырып, өзіне ұнайтын орынды табады. Осы нүктеде, көзін жұмып, өз денеңіздегі шекараларды анықтаңыз: яғни өз денеңізді жоғарыдан төменге дейін қарап шығыңыз, өз басыңыз, мойын, иық, кеуде, іш, арқа, қолдарыңызды, шаштың түбінен аяғыңыздың ұшына дейін қарап шығыңыз.
Мақсат - өз денесінің белгілі — бір сипаттарын сезіну. Ұзақгығы - 10 минут.
Күйзеліс, мазасыздануды жоюға ой терапиясының жаттығулары да көмектеседі. Әсіресе, қарым-қатынас кезінде мазасыздануды сезінетін би терапиясы жаттығулары көп көмекші.
2-жаттығу. "Бейне" Топ жұпқа бөлінеді. Біреу жетекші, әр жұп бір-біріне қарама-қарсы тұрып, көзбен байланыс жасайды. Жетекші жәйлап қолымен түрлі қозғалыстар жасайды. Оның жұптасы, соның барлығын қайталайды. Кейін екі жұп бір-бірімен рөл ауыстырады.
Зерттеулер көрсеткендей-ақ, мазасыздану ағзаның 3 деңгейінде пайда болады:
- Невроэндокринді
- Психикалық
- Соматикалық немесе моторлы-висцералды
а) дерматологиялық реакциялар (беттің ағарып-сұрлануы, терлеу)
б) жүрек-қан тамырлар жүйесінің реакциясы (яғни, тахикардия, систомия қысымының артуы)
в) вазамоторлы реакциялар (тер бөліну, қызару)
г) скелет бұлшық етгері реакциясы (басауру, желке ауруы)
Сондықтан да, соматикалық сипаттар көп мазалайтындығын айтады. Кейде мазасыздану белгілі-бір дене қимылдарымен қатар көрінеді. Олар: столды саусақпен тықылдату, түймені бұрау, шамадан тыс ішімдік ішу және темекі шегу, кірпік қағу. Мұның барлығы кикiлжің өмірлік ситациялардан туатын мазасыздану.
Біздің зерттеулеріміз көрсеткендей-ақ, мазасыздану белгілі-бір әлеуметтік белсенділікті, топта лидер болуға ұмтылуға итермелейді. Немесе, ішкі рефлекс мен өзін-өзі танымды белсенді етеді.
ӨЗІН-ӨЗІ СЕНДІРУДІҢ 9 ҚҰПИЯСЫ
Сендіру – аса маңызды сапалардың бірі, оны игеру арқылы сіз кез- келген ситуациядан өз пайдаңызды тауып, жоспарланған мақсаттарыңызға қол жеткізе аласыз. Жұмыста, үйде және өміріңіздің басқа да сфераларында сіз басқа адамдарға ықпал ете аласыз.
Берілуі. Бұл техника саясатта танымал. Мысалы, мұрагерлікке салық салу жағдайында. Осы тәріздес салықтарға қарсы саяси қайраткерлер оларды өлімге салық салу деп атайды. «Мұра» сөзінің орнына « өлім» сөзін қолдану жағымсыз ассоциялардың тууына бағытталған. Эмоцияға қаныққан сөздерді қолдану арқылы адамдарды өз көзқарасының дұрыстығына сендіре аласыз.
Бейнелеу. Біреуді бейнелеу сол адамға еліктеуді білдіреді. Әр адамның өзіндік ерекше ым- ишаралары, қимыл- қозғалыстары бар. Біз оларды өзімізде байқамай, бейсаналық деңгейде орындаймыз. Егер сұхбаттасушыңызды бір нәрсеге сендіргіңіз келсе, оның қимыл әрекеттерін қайталаңыз. Есіңізде болсын, оны абайлап абайлап жасауыңыз керек, түпнұсқа қимыл мен көшірменің арасындағы айырмашылық 2-40 секунд болуы тиіс.
Шектеу. Бұл техниканы жарнама берушілер жиі қолданады. Бір нәрсеге қол жеткізу қиын болса, ол соғұрлым жоғары қызығушылық туғызады. Сендірудің осы тәсілін анықтауды үйренуіңіз керек. Өнімнің қат болуының сізге ықпалы қаншалықты екенін ойлаңыз. Егер өнім қат болса, оған сұраныс та жоғары болады. Сіздің жағдайыңыз солай ма?
Өзара байланыс. Сыйға- сый, сыраға- бал. Біреу сізге бір жақсылық жасаса, оған қөзіңізді қарыздар сезінесіз. Ол сияқты егер сізге біреудің қызметі қажет болса, ол адамға бір жақсылық жасаңыз. Жұмыста біреуге жетекшілікті беріңіз. Үйде – көршіңізге шөп шалғыны бере тұрыңыз.
Уақытты дұрыс таңдау. Адамдар қатты әлсіреп, шаршағанда бір нәрсеге келісе салуы оңайырақ. Егер сіз бір сұраққа қысқа уақыттың ішінде жауап алғыңыз келсе, оны қоятын ойтайлы сәтті күтіңіз. Мысалы, ойлануға еш күш болмайтын, жұмыстың аяқ кезінде қойыңыз. Сіз не сұрасаңыз да, «Мұны ертең талқылайық» деген жауап алуыңыз мүмкін.
Сәйкестік. Бұл техниканы коммивояжерлер қолданады. Бейсаналық тұрғыдан бәрімізде айтқанымызда тұратын алдыңғы әрекеттерімізге сәйкес келуге тырысамыз. Сатушы келіссөзге отырмас бұрын, сіздің қолыңызды қысады. Көптеген елдерде қол алысу келісімге отыруды білдіреді. Осылайша, ең басында санаңыздың түбіне ықпал етіп, сатушы сізді сатып алуға әбден көндіруі әбден мүмкін. Сендірудің жақсы әдісі- шешім қабылдағанға дейін адамдардың әрекет етулеріне мәжбүрлеу. Мысалы. Сіз кино көргіңіз келеді, ал досыңыз сенімді емес. Ол әзірге шешім қабылдағанша, сіз ептеп кинотеатрға қарай жүре беріңіз.
Сенімді сөйлеу. Көптеген адамдар өз сөздерінде «ммм», «жаңағы», «ііі» тәрізді одағай сөздерді және т.б. алуан түрлі паразит сөздерді жиі қолданады. Ол адамның өзіне сенімсіздігін білдіреді, және бұлайша басқаларды бір нәрсеге нандыру қиын. Егер сіздің сөзіңіз нақты және сенімді болса, айналадағы адамдарды айтып тұрғаныңызға оңай сендіре аласыз.
Табындық инстинкт. Барлық адамдар бір- бірінің соңынан жүруге үйренген. Маңызды шешім қабылдағанда, біз кеңес пен көмек сұрап басқаларға жүгінеміз. Біз қолдауға мұқтажбыз. Мұны өз қызығушылығыңызға қолданудың қарапайым әрі тиімді тәсілі – ол көшбасшы болып, қалған табынды соңыңнан ерту.
Достық пен билік. Өзіңіз жақсы көретін адамның немесе билігі бар адамның сізді көндіруіне жол беруіңіз әбден мүмкін. Өзіңіз анағұрлым жоғары сенімділік тудыра алуыңыз үшін, басқаларды сізді жақсы көруге мәжбүр етуіңіз немесе сол топтың басшылығын қолыңызға алуыңыз керек.
ӨЗІНЕ ДЕГЕН СЕНІМДІЛІКТІ НЫҒАЙТУ
- Өз-өзіңе өзіңнің мықты және әлсіз жақтарыңды анықтап, өз күшіңді сәйкесінше жұмса.
- Өзіңізге не құнды екенін шешіп, неге сенетініңізді ажыратыңыз, өз өміріңізді қандай ғып елестетесіз. Өз жоспарыңызды сараптамадан өткізіп, оны прогресс болған кезде пайдаланатындай ғып бүгінгі күннің есебімен бағалаңыз.
- Тамырына дейін жетіңіз. Өткеніңізге сараптама жасап бүгінгі күнгі жағдайға қалай жеткеніңізді анықтаңыз. Сізді азап шегуге душар еткен адамды немесе қажет кезде көмек көрсете алса да көрсетпей қойған адамды түсініп, кешіруге тырысып көріңіз. Өз-өзіңіздің бұрын жасаған қателіктеріңізді, алданушылығыңызды, күнәләріңізді кешіріңіз. Есте қалған ауыр жағдайлардан қандайда болмасын пайдалы тұсын іліп алып, оны қайтадан еске алмаңыз. Сіздің жадыңызда басыңыздан өткізген жаман жағдайлар, тек сіз ол ойларды қуғанға дейін ғана болады. Одан да аз да болса қолыңыз жеткізген табыстарды еске алыңыз.
- Кінә мен ұят сезімдері сіздің табысқа жетуіңізге көмектеспейді. Оған берілуге жол бермеңіз.
- Өзіңіздің мінез-құлқыңыздың себептерін қазіргі жағдайдың физикалық, әлеуметтік, экономикалық, саяси аспектілерінен іздеңіз.
- Әрбір оқиғаны әртүрлі бағалауға болатындығын ұмытпаңыз. Шынайылық – бұл әрбір адамның әр нәсеге деген көзқарасы емес, бұл адамдар арасындағы әр нәрсені өз атымен атау туралы келімдерінің нәтижесі ғана. Мұндай көзқарас сізге адамдарға шыдамдылықпен қарауға және кемсітушілік болып көрінетінді шыдамдылықпен бастан кешу.
- Ешқашанда өзіңіз туралы жаман айтпаңыз, әсіресе өзіңізге жағымсыз – ақымақ, ұсқынсыз, қабілетсіз, сәтсіз, түзелмейтін деген сияқты тіркестерді пайдаланудан аулақ болыңыз.
- Сіздің әрекетіңіз кез-келген бағаға лайық болуы мүмкін, егерде ол конструктивті сынға түсетін болса – өз пайдаңызға пайдаланыңыз, бірақ ешкімге өзіңізді сынауға жол бермеңіз.
- Жеңіліс – бұл сәттілік, одан сіз жұмсаған күшіңізге сай емес алданшы мақсаттарды көздегеніңізді есіңізде болсын, болуы мүмкін жамандықтардан құтылдыңыз.
- Өзіңізді толықтай құндылықсыз сезінуге итермелейтін адамдармен, жағдайлармен келіспеңіз. Егерде сіздің қолыңыздан оларды өзгерту келмесе, онда олардан теріс айналған жөн. Өмір тым қысқа оны мұңға жұмсамай-ақ қойған жөн.
- Жалғыз қалып өз ойыңызға құлақ асыңыз, көңіліңіз қалайтынның барлығын жасаңыз. Осылайша сіз өзіңізді жақсы түсіне аласыз.
- Қарым-қатынас жасауды үйреніңіз. Адамдар өзара алмасатын энергияны сезінумен рахаттаныңыз.олар сіздің бауырларыңыз бен қарындастарыңыз сондай бөлек бір-біріне ұқсамайды. Көз алдыңызға олардың қорқыныш пен сенімсіздік сезініп тұрғанын елестетіп көріп, оларға көмек көрсетуге тырысыңыз. Олардан не күтетініңізді, оларға не бере алатыныңызды шешіп алыңыз. Ал, одан кейін сіз өзіңіздің мұндай алмасушылыққа даярлығыңызды білдіріңіз.
- Өзіңіздің мен-меншілдігіңізді тым артық қорғаудан аулақ болыңыз. Одан да ол қамау мен әрекетсіздіктен гөрі, қысқа мерзімді эмоционалдық соққыны бастан өткізгені дұрыс болар.
- Өзіңізге жақын емес бірнеше маңызды мақсаттарды қойыңыз, оған жету үшін ұсақ немесе аралық мақсаттарға жету қажет. Салқын қанмен осы аралық мақсатқа жету үшін қандай құралдар қажет екенін анықтаңдар. Өзіңіздің жемісті қадамыңызды назардан тыс қалдырмаңыз және де өзіңізді мадақтауды ұмытпаңыз. Ерсі көрінуден қорықпаңыз,себебі сізді ешкімде естімейді.
- Сіз жамандыққа душар бола беретін пассивті объект емессіз, басып кетеді деп қорқатын шөптесін емессіз. Сіз – эволюциялық пирамиданың шыңысыз, сіз – ата-аналарыңыздың үміттерісіздер, сіз – құдай сияқтысыз. Сіз – қайталанбас тұлғасыз, өз өміріңіздің белсенді жасаушысысыз, сіз – оқиғаларды басқарасыз. Егерде сіз өзіңізге сенімді болсаңыз, онда бөгет сіз үшін түк емес.
- Ұялшақтық артта қалады, өйткені сіз қалай өмір сүремін деп мазасызданудың орнына өмірге араласып кетесіз.





