Егер қиын болса - жай ғана қоңырау шал»ақпараттық –түсіндіру акциясы мектебімізде 11-15-қыркүйек аралығында өтті.
Акцияның мақсаты: кәмелетке толмағандарды облыстық психологиялық қолдау орталығы туралы ақпараттандыру, мектеп оқушыларына психологиялық көмек көрсету, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды психологиялық сауаттылығын арттыру.

- «Оқу жылының басталуы: жоғары сынып оқушысы оны стресссіз қалай бастай алады?» ,
- «Өзін-өзі бағалау мен өзіне деген сенімділікті қалай арттыруға болады?» ,
- «Кибербуллингтен қалай қорғануға болады?»,
- «Оқушыларға әр күнге арналған ұсыныстар» атты тақырыптарда ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, буклеттер таратылды.




