27 Қыркүйек: "Еңбек күнін" атап өту барысында "Edu-бранчи" "Менің жетістігім сүйікті мамандығымда" тақырыбында мектептің ардагер мұғалімдері Бирмуканова А.М., Жолдыбаева С.М., Шаяхметова С.Е. және 10-сынып оқушыларымен кездесу кеші ұйымдастырылды. Оқушылардың "Еңбек жолыңызды неден бастадыңыз?" - деген сұрақтарына ұстаздар жастық шақтарына бір оралып келіп, сүйіспеншілікпен, сағынышпен еске алып, жауап берді. Еңбек ардагерлері қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пәндері мұғалімі болғандықтан, шәкірттерге үш тілде жүрек жарды тілектер айтылды. Білім, еңбек туралы мақал-мәтелдер жарысына шәкірттерімен бірге қатысып, қолдау көрсетті. Кеш соңында мектеп директоры А. Б. Сатубалдина ардагер ұстаздарға алғыс хат табыстады.





