1 Қазан: Қарттар күніне орай мектеп оқушылары сынып жетекшілерімен бірге ардагерлер кеңесімен бекітіліп берілген қаламыздың қарт ардагерлерін мекен-жайы бойынша аралап, мереке күнімен құттықтап, тосынсый жасап қайтты. "Жас ұрпақ" үйірмесінің еріктілер ұйымы да жетекшісімен бірге мектеп ардагерлерін арнайы құттықтап қайтты. "Қарты бар үйдің қазынасы бар"- демекші, әр шаңырақтың тілекшісі қарттарымыз аман болсын!





