Қараша - күздің соңғы айы. Жердің оты кетіп, бет - бедері қоңырқай тартып, дамылсыз жаңбыр жауып, қарашаның қарына да ұласатын мезгіл жетті. Осындай өліара кезең болғандықтан шығар бұл айды "Ақындар айы" деп те атайды. Мектеп парламенті "Күз Аруы", "Күз ханзадасы мен ханшайымы" байқауларын ұйымдастырып, әр сыныптың шығармашыл, өнерлі, шебер оқушылары өздерін таныстырып, жан - жақты өнерлерін көрсетіп, қолдан жасаған бұйымдары мен тәттілердің, күзгі киім үлгілерінің сән - салтанатын құрды. Білім мен тәрбиені қатар алып жүрген оқушыларымыз өздерінің әнші, биші, ақындық, өнерлерін көрсетті.