«Дарын» республикалық ғылыми практикалық орталығының ұйымдастырумен жыл сайын жас педагог қызметкерлердің шығармашылық әлеуетін және өзін өзі дамыту үшін жағдай жасау, білім беру жүйесін жетілдіруге жас мұғалімдердің белсенді кәсіби көзқарасын қалыптастыру мақсатында «Дарынды балаларға - талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасы өткізіліп келеді.
Педагогикалық олимпиада бағыттарына жас педагогтар, тәлімгерлер және психолог мамандар қамтылады. Ең басты талап еңбек өтілі 5 жылдан аспайтын педагогика саласының қызметкерлері болуы тиіс. Аталған олимпиаданың 2025-2026 оқу жылындағы І аймақтық кезеңіне мектебімізден ағылшын тілі пәнінінің мұғалімі Галымова Ақбота Асқарқызы қатысып жүлделі І орын иемденді. Әріптесімізге алдағы ІІ кезеңге сәттілік тілейміз!