2025 - 2026 оқу жылында мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тулебаева Дария Жұматовна Қазақстан Республикасы Оқу - ағарту министрінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

Аталған марапат - білім беру саласындағы көпжылдық табанды еңбегі, өскелең ұрпақты ұлттық құндылықтар мен ана тіліне деген құрмет рухында тәрбиелеудегі кәсіби шеберлігі, сондай - ақ оқу - тәрбие үдерісіне қосқан елеулі үлесі үшін берілді.

Дария Жұматовна - өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын, жаңашыл әдіс - тәсілдерді тиімді қолдана білетін, оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға ерекше мән беретін білікті ұстаз. Оның жетекшілігімен білім алушылар түрлі пәндік олимпиадалар мен шығармашылық байқауларда жоғары нәтижелерге қол жеткізіп келеді.

Ұстаздың еңбегінің жоғары деңгейде бағалануы - мектебіміз үшін үлкен мәртебе. Әріптесімізді лайықты марапатымен құттықтай отырып, алдағы еңбек жолына толағай табыс, шығармашылық шабыт және шәкірттерінің биік жетістіктерін тілейміз.