2025 жылдың 12 - 13 қараша аралығында 5 - 6 сыныптар оқушыларына арналған Республикалық олимпиаданың қалалық кезеңiнде теориялық және практикалық тапсырмаларды ойдағыдай орындап мектебіміздің намысын қорғап келген жас білімпаздар, мектебіміздің даңқын асырып, биік жетістіктерге жеткізер мектеп мақтаныштары 5 - ші сынып оқушылары: Талғат Айым Қазақстан тарихынан пәнінен 1 - орын (Мұғалімі: Жансүгір Данагүл Серікқызы), Ербулат Бекзат математика пәнінен 2 - орын (мұғалімі: Төремаханова Гүлмира Қалмұратқызы), Орыс тілі пәнінен 1 орын - Ерсултанова Айлана, 2 орын - Абишева Ляйля (мұғалімі: Абенова Сауле Дарбаевна). 6 - шы сынып оқушылары: Ағылшын тілі пәнінен Габижанов Аханали - 2 орын (Мұғалімі: Акбота Аскарқызы)

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен Құрманбек Шерхан, Тұрарбек Әйтекеби - 3 орын (Мұғалімі Дарья Жуматовна), Орыс тілі пәнінен Шаяхметова Шахназ - 3 орын (Мұғалімі: Сауле Дарбаевна).

Қорытындылай келе мектеп атынан олимпиадаға қатысқан оқушылар саны 13 болды. Оның ішінде 8 оқушымыз жүлделі орындарға ие болды. Нақтылап айтқанда мектеп қорында екі 1 - орын, үш 2 - орын және үш 3 - орын.