Тақырыбы: «Отбасында зорлық-зомбылыққа жол жоқ !»
Мақсаты: Бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орнының ерекше екенін түсіндіру; ата-ана бойына өздерін тәрбиеші мұғалім ретінде қарауда қызығушылықтарын дамыту; баламен дұрыс тіл табысуға, баламен қысым түсірмей, зорлық – зомбылықсыз қарым – қатынас орнатуға бағыт беру.
Зорлық-зомбылықтың алдын алу жұмысы бойынша педагог-психолог Бирмуканова А.М. мен әлеуметтік педагог Ергалиева З.Б. рейдке шығып, ата-аналарға жадынама таратты
Ата-аналарға кеңес!
- Өз балаңды құрметте, баланың еркінен тыс бірнәрсе жасауға мәжбүрлеме және басқаларға да жол берме!
- Егер сіз көршінің баласы зорлық-зомбылыққа және ата-аналарының тарапынан соққыға ұшырағанын білсеңіз, онда ол туралы полицияға дереу хабарлаңыз.
- Егер балаңыз сіздің күйеуіңіздің оған теріс пиғылы жөнінде айтса, оның сөзіне құлақ салыңыз, күйеуіңізбен сөйлесіңіз, баланы онымен бірге жалғыз қалдырмаңыз, ал егер олардың арасындағы қарым-қатынастар өте тереңге кетсе, ол адамнан айырылысыңыз, балаңыздың бақытынан қымбат нәрсе жоқ.
- Жыныстық өмірге қатысты балаңызды қызықтыратын барлық сұрақтар бойынша, сондай –ақ сақтану жөнін де онымен әкесі сөйлесіп, түсіндіруі қажет.
- Қызға қарама-қарсы жыныстағылармен өзін қалай ұстау жөнінде анасы түсіндіруі қажет.
- Егер сіз балаңыздың мінез-құлқынан оғаш қылық байқасаңыз, оны мазалап жүрген мәселе жөнінде сөйлесіңіз. Ал ер баламен анасының қатысуынсыз әкесі сөйлескені дұрыс.
View the embedded image gallery online at:
https://schoollsk3.edugov.kz/kz/leumettik-psikhologiyaly-yzmetti-zh-mys-zh-jesi/ata-anamen-zh-mys/122-rejd-zorly-zombyly-a-zhol-zho.html#sigFreeId34b739c8ea
https://schoollsk3.edugov.kz/kz/leumettik-psikhologiyaly-yzmetti-zh-mys-zh-jesi/ata-anamen-zh-mys/122-rejd-zorly-zombyly-a-zhol-zho.html#sigFreeId34b739c8ea




