ТАҚЫРЫБЫ: : «Ата-аналардың функционалдық сауаттылығын арттырудағы жасалатын жұмыс түрлері»
Семинар тренингтің мақсаты:
Ата-ананың бала тәрбиесіндегі функционалдық сауаттылығын арттыру. Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынстың ерекшеліктерін психологиялық жаттығулар арқылы көрсету.
Ата-ананың бала тәрбиелеуде функциональдық сауаттылығын көтеру мектеп мұғалімдерімен олардың тығыз байланыс жасап, екі жақты әріптестік әрекетінің негізінде қалыптасады. Яғни ата-ананың баласының ерекше қасиетін тануы, оны түрлі жағдаятта түсініп, қол ұшын беруі, олардың қабілетін дамытуға, бойына рухани құндылықтарды қалыптастыруға, жағымсыз мінез-құлық, әдеттерден арылтуға көмек беретін функционалдық сауаттылық ата-ана бойында да болуға тиіс.
Ең алдымен ата-аналар бойындағы қасиеттерді және мінез-құлықтарын анықтау мақсатында психологиялық тест
«Сәбіз, ағаш, кофе, жұмыртқа» әдісі
Аквариум әдісі (мәселені айқындау)
Сәбіз тобы- «Құмыра»,
Жұмыртқа тобы- «Ата-ананың айқайы»
Ағаш тобы - « Ұсқынсыз үйрек » бейнероликтерін көрсету арқылы жағдаятты талдап тақырыптың өзекті мәселесін шешіп , өз ойларын ортаға салды.
«Сиқырлы базар» әдісі ( проблеманың шешімін қолдану)
Шарты: «Сиқырлы базар» бала бойына керекті қасиеттерді сатып алып, жаман қасиеттерді сатып жіберу.
Рефлекция
Құрметті ата-аналар!
Қарға баласын «аппағым» дер,
Кірпі баласын «жұмсағым» дер.
Тасбақа баласын «тұлпарым» дер,
Қаз баласын «сұңқарым» дер, -дегендей әр ата-анаға өз баласынан артық бала жоқ. Әр қайсымыз өз баламызды биіктен көргіміз келеді. Бала біздің болашақ өміріміздің, ұрпағымыз-дың жалғасы болғандақтан әр қайсымыз бала тәрбиесіне терең мән бере отырып ойлануымыз қажет. Бүгінгі семинарымызды аяқтай отырып өздеріңіздің алған әсерлеріңізді сол өмірдегі сіздің жемісіңіз балаңыздың биіктен көрінуі яғни мына алмадай тәтті болсын деп өз тілегіңізді жазып алма ағашына жапсырыңыздар.Осы жылы сөздер жанымызға шипа, балаларға үлгі болсын деп тілек тілейік.




