Мақсаты: Әкенің отбасындағы тәрбиеге- өте маңызды роль атқаратындығын көрсете білу, мектеп пен ата-ана байланысын ынтымақтастыру, өзара серіктестік орнату, әкенің бала тәрбиесіндегі ролі маңызды екендігін ашып  көрсету.

«Мен өзімді мақтаймын». 

Мақсаты:  Әр адам өзіне деген сенімділігін артыру.

Шарты: Әкелер ортаға шығып шеңбер бойымен дөңгеленіп тұрады. Сағат тілі бойымен әрқайсыңыз есімдеріңізді айтып, өздеріңізді бір нәрсе үшін мақтауларыңызды сұраймын. Қазір көп мақтауды қажет ететін уақыт, бірақ бұл өте сирек кездеседі. Мен бастаймын, сіздер қостайсыздар: «Мен өзімді еңбеқорлығым үшін мақтаймын» және т.б.

Қимыл-қозғалыс жаттығуы

Мақсаты: бала тәрбиесінде әкенің ролінің қаншалықты дәрежеде екенін анықтау.

Шарты: берілген сұрақтарға қимыл –қозғалыс арқылы жауап береміз
Қимыл қозғалыс арқылы жауап беру.
- «иә» десеңіздер - қолдарыңызды шапалақтаңыз;
- «жоқ» десеңіздер – қолдарыңызды артқа ұстайсыздар;
1) Газет бетіндегі мақалалардан, теледидардағы бағдарламадан тәрбиеге байланысты сұрақтарды тыңдап, қарап жүресіз бе?
2) Балаға тәрбие беру кезінде үйде ата - ана бірдей ықпал жасай ма?
3) Бала тәрбиелеу жауапкершілігі кімде деп ойлайсыз?
- егер «әке» десеңіздер, қолды алдымызға созамыз.
- егер «шеше» десеңіздер, жымиыңыз.
- егер «екеуі» десеңіздер, қолдарыңызды шапалақтаңыз.

Ситуациялық жағдаяттарды шешу.
Өмірге ұрпақ келтіріп, оны асырау арқылы әке өз міндетінің үштен бірін ғана үш міндетті орындауға қабілетті бола тұра кімде - кім оны орындамаса айыпты» деген екен педагог Жан Жак Руссо. Ендеше бүгінгі біздің дөңгелек үстелімізде отырған әкелер, ер азаматтар өз міндетін қалай орындап жүр екен? Сіздерге сауал.
1. Балаңыз жақсы оқиды. Тәртіпті, сыпайы болып өсіп келеді. Жаңа үй сатып алуыңызға байланысты оны басқа мектепке ауыстырдыңыз. Сабаққа белсенділігі төмендеген сияқты. Мінезіне де өзгерістер енгендей. Бұрынғыдай емес, ашуланшақ. Бірнеше рет себебін сұрағаныңызбен еш нәрсе айта қоймады. Енді не істейсіз?

  1. Ауылдағы балалардың ең ересегі сіздің ұлыңыз. Үлкендердің бірнеше рет ескерткенін қарамастан олар үй маңында доп ойнауды доғармады. Балаңыздың қатты тепкен добы ақыры көршіңіздің терезесін сындырды. Сіздің әрекетіңіз?

    3. «Әйеліңе балаң жоқ жерде ақыл айт, балаңа адам жоқ жерде ақыл айт» дейді. Сіз ақылды қалай айтасыз?

  2. Балаңыз күнде 1 - сабаққа кешігіп келеді. Қалай жөнге келтіресіз?

  3. Балаңыз жиі мектепке үй тапсырмасын орындамай келеді. Пән мұғалімі ескерту жасап жібереді. Сіздің әрекетіңіз қандай ?

Ситуациялық жағдаяттарды шешу барысында әкелер өз ойларын ортаға салып, тәжірибелерімен бөлісті.

« Әкелерге өсиет» жадынамасы.

1.Баланы кемсітпеңіз.

2.Барлық жағынан оған беделді болыңыз.

3.Баланы әрқашан мұқият тыңдаңыз.

4.Онымен араласуда оның бойында жағымсыздық пен жек көрушілікті тудыратын сөздерден аулақ болыңыз.

5.Уәделерді қорқытумен алмаңыз.

6.Бетінен қақпаңыз.

7.Балаға тұлға ретінде қараңыз

8.Қатал және мейірімді бола біліңіз,себебі,»Әкенің қаталдығы-тамаша дәрі: онда ащыдан гөрі тәттісі көбірек »

Рефлексия:  тренингті қорыта келе,тренингтен алған әсерлерімен әкелер өз ойларымен бөлісті

Қорытындылау: « Әке-асқар тау» демекші ,өз отбасыңыздың асқар тауы болып отбасыңызға,балаларыңызға,бауырларыңызға үнемі көңіл бөліп , мейірімділігіңіз бен қайырымдылығыңызды аямаңыз.