Дәстүрлі «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы 2023 жылғы 01 тамызда басталып 30 қыркүйекке дейін жалғасады.
Акция ұраны: Жақсылық жаса.
Қазақстан Республикасының әрбір азаматы халықтың әлеуметтік осал топтарындағы балаларды мектепке дайындауда жан-жақты атаулы көмек көрсетуге, оның мектепке барар жолы қуанышты болуы үшін әрбір балаға көңіл бөлуге және шынайы қамқорлық көрсетуге азаматтық белсенділік таныта алады.
Акцияның мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан мектеп оқушыларына, жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезеңінде материалдық қолдау көрсету және балалардың әлеуметтік себептері бойынша мектепке бара алмауына жол бермеу.
Лисаков қаласының білім бөлімі акцияны өткізуге жоспарын жасап, мектептердің психологиялық қызметімен бірлесіп, материалдық көмекке мұқтаж балалар шеңбері анықтады. Тізім құрылып, оған 174 оқушы кірді және акцияға қатысушылар барлық меншік нысанындағы мекеме, ұйым және кәсіпорындардың басшылары анықталды.
ҚОӘББ«Лисаков қаласының білім бөлімі»ММ қаламыздың барша азаматтарын, кәсіпкерлерді, меценаттарды акцияға қосылып, өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасылар мен балаларға көмек көрсетуге өз үлестерін қосуға шақырады.
Көмек алу үшін сіз бөлімге немесе білім беру ұйымының өзіне хабарласа аласыз. Сонымен қатар, 3-43-61 сенім телефоны жұмыс істейді.





