«Егер қиын болса - жай ғана қоңырау шал»ақпараттық –түсіндіру акциясы мектебімізде 11-15-қыркүйек аралығында өтті.
Акцияның мақсаты: кәмелетке толмағандар мен олардың ата-аналарын облыстық психологиялық қолдау орталығы туралы ақпараттандыру, мектеп оқушыларына психологиялық көмек көрсету, сондай-ақ кәмелетке толмағандар мен ата-аналар қоғамының психологиялық сауаттылығын арттыру.

Акцияға қатысушылар психологиялық қолдау және қосымша білім беру өңірлік орталығы ұсынған визиткалары мен буклет жадынамалары арқылы ата-аналар мен білім алушылар, педагогтер консультациялық психологиялық көмек пен күрделі мәселені шешуге жәрдемдесетін, құқықтық көмек көрсететін мәліметтермен танысты.

Ұйымдастырылған акция – күйзелісте жүрген әр адамға қолдау көрсетіп, адамның өзіне деген сенімділігін арттырып, үміт сыйлайды деген ойдамыз.




