«Мамандық таңдау өміріңнің бір кірпішін дұрыс қалау»атты тақырыпта    9- сынып оқушылары және ата-аналарының қатысуымен дөңгелек үстел  2023 жылдың 27 қаңтар күні  өтті.

     Бұл іс-шараның мақсаты –  жеке тұлғаның сан алуан мамандықтарға деген ынта ықыластарын анықтау, кәсіптік бағдар беру, кәсіптік білім берудің құрылымымен таныстыру

       Дөңгелек үстел  барысында оқушылар   бойындағы қасиеттерді және мінез-құлықтарын анықтау мақсатында Сізге қай мамандық лайық? психологиялық тест және кәзіргі заманға сай «Мамандықты нумерология заңына сәйкес таңдау»атты тақырыпта оқушылар өз таңдауларын жасады.

       «Мамандықты тап...» жаттығуы арқылы әр бала өзі білетін мамандықтарды бет-қимылдары және мимика арқылы жасырып, басқа балалар таба білді. Бұл жаттығуда ортаға шыққан бала мамандық туралы өз ойларын ортаға салды.

 

     «Мамандық әлеміне саяхат» кезеңінде ата-аналарға сөз кезегі берілді.  Ата-аналар өз мамандықтары туралы өткен шақтарына оралып (бала кезінен армандаған мамандық иесі болғандары жөнінде) ойларын ортаға салып, оқушылардың алдына қойған мақсаттарына қалайша жету керектігі жөнінде ақыл-кеңестерін берді.

Оқушылар мен ата-аналарға бейне роликтер арқылы кеңестер берілді.

  Рефлекция кезінде  оқушылар бүгінгі тренингтен ойларына не түйді және қандай мамандық иесі болатындығы жөнінде өз ойларымен бөлісті. Ата-аналар балаларға болашақта өз таңдауларын жақсы жасайтындарына сенімділіктерін білдірді.

Өз болашағыңды анықтауда мынадай ережелерді ұстан:

  • Алдағы өмірлік жоспарың қандай болмасын, шетел тілін үйреніп, компьютерде жұмыс істеуді игергенің аса пайдалы. Бұлардың кез келген мамандықта қажеті болары сөзсіз !
  • Мектептегі оқу пәндері – нақты мамандық емес екендігін есіңде сақта. Пәнге деген қызығушылық оған байланысты жұмыстың саған сөзсіз ұнайтынын білдіре бермейді.
  • Мамандық таңдауда оның сырт келбетіне, көңілге қонымды жақтарына ғана назар аударудың қажеті жоқ, мүмкіндігінше қалаған мамандығыңның жұмыс мазмұны жөнінде көбірек білуге тырыс.
  • Егер мамандық сенің досыңа ұнаса, саған да ұнайды деген қорытынды жасауға болмайды.
  • Саған қолыңнан келетін істі мамандық етіп таңдаған пайдалырақ болмақ. Әйтсе де бұл сөз қарапайым естілгенімен, көбінесе назардан тыс қалып жатады.
  • «Жақсы адам» - бұл мамандық емес. Егер саған адам ұнаса, оның меңгерген мамандығын мен де таңдауым керек деп жансақ қорытынды жасауға болмайды.
  • Сән қуып, мамандық таңдаудың қажеті жоқ. Сен оқуыңды тәмамдап, жұмыс істегенше, ол мамандық сәннен шығып қалуы да мүмкін.
  • Мүмкіндігінше өзің таңдаған мамандықтың өзіңнің денсаулық жағдайыңа тура келетін- келмейтіндігі жөнінде дәрігерден кеңес алғаның жөн.
  • Мамандық таңдауға байланысты сені, сенің қалаған мамандығыңды толық білмейтін адамдардың ақыл- кеңесіне құлақ салудың қажеті шамалы.
  • Заманауи ағымға қарай кейбір мамандықтар тез ескіріп, оның орнын жаңа мамандықтар басып жатыр. Сондықтан кез келген жағдайда қосалқы таңдаған мамандығың болуы қажет.
  • Өзің таңдаған мамандығыңның мазмұны, қызықты қырлары, жұмыс тәртібі мен жағдайы, кәсіби өсу мүмкіндігі туралы сұраққа жауап бере алғанда ғана сенің мамандық таңдаудағы ой- ниетің салмақтана түспек.

Мамандық таңдаудағы қиындықтар мен қателіктер:

1.Бірден жоғары біліктілікті мамандыққа бағыт беру;
2.Достарынан қалмау үшін мамандық таңдау
3. Мамандыққа бағыт-бағдар берушіге ауып кету;
4.Мектептегі пәннің мамандыққа сәйкес келуі;
5.Өзінің қабілетін, жеке қасиетін анықтай алмау, кемшіліктерін білу.

Еңбек етсем, ертеңгі бақытыма сенемін.

Мақсатыма жеткізер уақытыма сенемін.

Достық іспен қасты да жеңеріме сенемін,

Ақыл, сана білім мен өнеріме сенемін.

Арым таза, ақ көңіл, адалдыққа сенемін.

Абыройлы, ақ ниет, адамдыққа сенемін!