2025 жылғы 10 қыркүйекте Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Лисаков қаласы білім бөлімінің Абай атындағы жалпы білім беретін мектебі»КММ 1 - 4 сынып оқушыларымен Лисаков қаласы ПБ патрульдік полиция взводы қызметінің аға инспекторы полиция капитаны Шитков Евгений Сергеевич және ПБ кәмелетке толмағандар істер жөніндегі аға инспекторы полиция майоры Исмухамбетова Д.Н., мектеп инспекторы полиция лейтенанты Оспанова С.С. «Жалпы қауіпсіздік ережелері» тақырыбы бойынша түсіндіру іс - шараларын өткізді.

Білім алушыларға көшені кесіп өту үшін арнайы белгіленген жерлермен жүруді және бағдаршамның істеу қызметін толықтай түсіндіріп, маңызды жол белгілерімен таныстырды. Жолда абай болуды, жүру ережесін қатаң сақтаудың, жаяу жүргінші жолағының, тротуарлардын қаншалықты маңызды екендігін еске салды.