Мұғалімі : Акишова Шарбану Балғабайқызы

Күні: 24.12.2021.

Тақырыбы: «Қош бол, сүйікті Әліппем»

Мақсаты:

  1. Оқушылардың Әліппені оқу барысында алған білімдерін тиянақтау, әр оқушының іс-әрекеттері арқылы икемділігін, шығармашылық мүмкіндігін ашу.
    2. Ата-аналарға баланың 4 айда қандай білім игергенін іс-жүзінде көрсету.
    3. Адамгершілікке, ұқыптылыққа, кеш барысында өзін-өзі дұрыс ұстауға ана - тілін сүйіп қастерлеуге тәбиелеу.

Көрнекілігі:

«Әліппе, саған мың алғыс!» сөзі жазылған плакат,Ұлағатты ұстаздар Ыбырай Алтынсарин мен Ахмет Байтұрсыновтың портреттері,шарлар, нақыл сөздер.

Барысы: Кешті әдемі ырғақ биімен бастады, «Қош бол, сүйікті Әліппем» атты әдеби – музыкалық монтаж арқылы , әр оқушы өзінің сүйікті Әліппесіне алғыстарын білдірді,алған білімдерін , оқып , жаза алатындықтарын көрсетті, сонымен қатар, « Әдептілік –әлемі» тақырыбында әдептілік ережелерімен бөлісті, «Ойнауға болмайды таспенен» тақырыбында көрініс көрсете отырып, оқушыларды жаман әдеттерден аулақ болуға шақырды, қыз балаларымыз «Қарлығаш» биін билеп, өнерлі екендерін байқатты, ұл балаларымыз «Ел қорғауға әзірміз» әнін саптық шеруін айтып, болашақта елін қорғауға әзір екендігін көрсетті, кеш соңында барлық оқушылар «Бала тілегі» әнін орындай отырып, бейбіт өмірді қалайтындықтарын, Отандарын шексіз сүйетіндіктерін, сонымен қатар, ұзтаздар мен ата-аналарына ризашылықтарын білдіре отырып, осы әдемі әнмен аяқтады.Мұғалім кеш соңында әр оқушыға жұлдызша үлестіре отырып, шәкірттерінің болашақта сабақты жақсы оқып, осы жұлдыздай жарқырап жануына, биіктерден көрінуіне тілек білдірді. Мектеп директоры Сатубалдина Ақбөпе Бекетқызы, әр оқушыға Әліппені жақсы аяқтағандарына алғыс айта отырып, әр оқушыға мақтау қағаздарын табыс етті.Ата-аналарда балаларының алған білімдеріне көздері жетіп, алғыстарын жеткізді.