2021-2022 оқу жылында мектеп түлектерінің қорытынды аттестаттауы мен ҰБТ тапсыруы туралы

24.12.2021 ж. 11 «А» сынып оқушыларының ата-аналары мен мектеп әкімшілігі, пән мұғалімдері бірлескен ата-аналар жиналысы болды. Қаралған мәселелер:

1.Қорытынды аттестаттау мен ҰБТ дайындайтын пән мұғалімдері. ҰБТ -ге дайындық бойынша СТ кестесі,  ҚА және ҰБТ бойынша таңдау пәндері және 1/2- тоқсанда өткен  СТ орта ұпай көрсеткіштеріне талдау.( мектеп директоры Сатубалдина А.Б)

  1. Қорытынды аттестаттау-мемлекеттік бітіру емтиханы.

 ҰБТ-жоғары оқу орындарына оқуға түсуге арналған іріктеу емтиханы, өзгерістер туралы. (Танирбергенова А.Ж.-директордың оқу істері бойынша орынбасары)

3.Ата-аналарға жадынама. (Бирмуканова А.М., педагог-психолог)

  1. Әр түрлі сұрақтар ( сынып жетекшісі - Жолдыбаева С.М)

 Мектеп директоры - А.Б. Сатубалдина ата-аналарға түлектердің ҰБТ-ге дайындық тестілеуден алған нәтижелеріне салыстырмалы сараптама  жасап, ҰБТ ережелерімен нұсқаулық беріп өтті.

Директордың оқу істері бойынша орынбасары - Танирбергенова А.Ж қорытынды аттестаттау өткізу мерзімі мен формалары, дайындайтын пән мұғалімдері туралы ақпарат берді.

Мектеп психологы Бирмуканова А.М ата-аналарға ҰБТ мен қорытынды аттестаттауға дайындық барысында балаларына қандай және қалай қолдау көрсетуге болатындығы туралы жадынамалар ұсынды.