ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «ЛИСАКОВ ҚАЛАСЫ

БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ №3 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ»

КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

ТАҚЫРЫБЫ: Инновациялық оқыту әдістемесін оқу процесінде қолдану тиімділігі

Мақсаты:оқу-тәрбие үрдісіне жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу оқушылардың білімге деген қызғушылығын, талпынысын арттырып, өз бетімен ізденуге , шығармашылық еңбек етуге жол салу.

1-теориялық бөлімінде «Инновациялық оқыту әдістемесін оқу процесінде қолдану тиімділігі» тақырыбында баяндама жасалды.

2- практикалық бөлімінде «Тізбектелген бекет» атты әдіспен таныстырылып, жұмыс жасалды.

Қазіргі жас ұрпақтың саналы да сапалы білім алуының бірден-бір шарты  – білім   беру   процесіне   жаңа инновациялық технологияларды  енгізу екендігі  сөзсіз  түсінікті.  Сондықтан  ғылыми-техникалық  прогрестен   қалыспай,   жаңа  педагогикалық   инновацияларды  дер  кезінде қабылдап,   өңдеп,   нәтижелі   пайдалана  білу –  әрбір  ұстаздың   негізгі міндеті болып табылады.

Оқу-тәрбие үрдісіне жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу оқушылардың білімге деген қызғушылығын, талпынысын арттырып, өз бетімен ізденуге , шығармашылық еңбек етуге жол салу. Заман талабына сай технологияларды қолдану ауқымы, түрлері өзгеріп отырады. Бірақ, ең басты техологияларды тиімді, жүйелі қолдану керек.

Инновациялық технология нәтижелері:

1.Түрлі әдістерді пайдалану сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі

2.Оқушылардың барлығын сабаққа тыстыруға мүмкіндік туды.

3.Олардың әрқайсының деңгейін анықтай аласың

4.Оқушылардың көбін бағалауға мүмкіндік аласың

5.Оқушыларды ізденіске баулып, өз бетімен жұмыс істеуге үйретеді

Әріптестер бір-бірімен «Тізбектелген бекет» әдісімен танысты.

Мақсаты

Тиімділігі

Қолданылуы

Кіріктірілген модульдер, идеялар

Берілген тақырыпты топ ішінде талқылап, әр түрлі тәсілдермен топтық жұмыс жасау. Басқа топтарға өкілдерді жіберіп, өз жұмысы туралы топта талқылау, идеялармен бөлісу, ынтымақтастықты дамыту.

Ынтымақта бірлікте жұмыс жасауға, білгенін жолдастарымен бөлісуге, тақырыпты ортаға салып талқылауға,   түйінді ойды саралауға жетелейді.

Көлемді мәтін төрт бөлікке бөлінеді оқушыларда  төрт адамдық шағын топтарға бөлініп  («бастапқы топ»), 1-ден 4-ке дейін нөмірленеді. Осыдан кейін олардың әр-қайсысы өз нөміріне сәйкес мәтіннің бір бөлігін ғана оқиды. Содан кейін топтар құрамы өзгертіліп, жаңа топтар («сарапшылар тобы») тобы құрылады,сарапшылар топтарында оқушылар өз нөмірлері бойынша жинақталады: мәтіннің № 1 бөлігін оқыған оқушылар 1 топқа т.с.с. Өкілдер басқа топтарға барып, өз жұмыстарын таныстырады, топтық талқылау жүреді.

СТО, Диалогтік оқыту, ЖАДА, Дарынды/талантты балаларды оқыту, Көшбасшылық пен басқарушылық

Әдістің негізгі жүргізілу барысы:

-Қатысушылар топтастырылды. Олар бір-біріне тілек айтып, гүл парақшаларды ұсынды. Паракшалардың артында жазылған сандар бойынша топтарға бөлінді.

- Әр топқа тапсырма берілді, өз топтарында талдап, сурет не кластер т.б. А3 формат кағазға қорытынды түйіндерін суреттеп, орталарынан баяндамашы шығарып, келесі топқа барып түсіндірді.Осылайша жалғаса берді.

Кері байланыс:  Әр қатысушыға  «Блоб ағашы» ұсынылды, әр қатысушы бүгінгі тақырыпты игеру деңгейін ағашта бейнеледі.

Қорытындылау кезеңінде,  инновациялық әдіс –тәсілдер іріктеліп жазылған дискілер әрбір ӘБ жетекшілермен бөлісті.