Мектебіміздің жас маман, тарих пәні мұғалімі - Досмагамбетова Шынар Атымтайқызы, Қостанай облысы білім басқармасының әдістемелік кабинеті ұйымдастырған, Облыстық «Мен – Тәуелсіз Қазақстанның педагогымын» бейнеролик байқауының қалалық кезеңіне қатысты.
Байқау жас педагогтардың қызметіне қоғамның назарын аудару және жас педагогтердің шығармашылық әлеуетін жандандыру,шығармашылық қабілеттері мен кәсіби дағдыларын дамыту мақсаттарын көздеген болатын.Байқау соңында қала бойынша қатысқан жас мамандар арасынан көзге түскен - Шынар Атымтайқызы - 2 орынды иеленді.




