Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының
«Лисаков қаласы білім бөлімінің №3 жалпы білім беретін мектебі» КММ
Мектепішілік «Үздік педагог - 2022» байқауы
БАЙҚАУДЫҢ МАҚСАТЫ:
-Шығармашылықпен жұмыс істейтін ой өрісі кең, парасатты өзінің авторлық жаңашыл идеясы бар, ғылыми –әдістемелік шеберлігі жоғары, жан-жақты дамыған мұғалім мәртебесін көтеретін ерекше тұлғаны анықтау;
-Мұғалімдерді өз кәсіби құзырлылықтарын жетілдіруге ынталандыру, озық педагогикалық іс-тәжірибелерді насихаттау, тарату және қалалық кезеңге іріктеу;
БАЙҚАУДЫҢ ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ.
І кезең – мектепішілік
Мектепішілік байқаудың тапсырмалары:
- Презентация - қорғау. «Мұғалімнің жұмыс жүйесі» (5 - 7 минутқа дейін).
- Пән бойынша бейнесабақ немесе ашық сабақ фрагменттерінен көрсету. (12-15 минутқа дейін).
- Әр қатысушы өзінің әдістемелік – шығармашылық жұмысын қорғады.
- Пән бойынша бейнесабақ, ашық сабақ фрагменттерін көрсетті.
Қатысушыларды мектеп директоры Сатубалдина Ақбөпе Бекетовна марапаттады. Қалалық кезеңге «Үздік педагог» деп танылған ұстаз өтті.
https://schoollsk3.edugov.kz/kz/t-limgermen-zh-mys/125-zdik-pedagog.html#sigFreeId409665b682




