20 мамыр күні «Жас Ұлан» балалар-жасөспірімдер бірлестігі көшбасшыларының балалар бірлестіктері күніне арналған дәстүрлі табиғат аясына шығуы өтті. Осынау дәстүрлі іс-шара аясында оқу жылының қорытындысы шығарылды. Оқу жылының қорытындысы бойынша белсенді қоғамдық қызметі үшін мектеп көшбасшылары грамоталармен марапатталды, аға-тәлімгерлерге балалар-жасөспірімдер бірлестігінің бағдарламаларын іске асырғаны үшін алғыс хаттар табысталды.