Жыл қорытындысы: Мектепке ұлы Абай аты берілді. Мектепте Абай бұрышы жасалды. Мемлекеттік рәміздер стенді алынды.
***
«Оқуға құштар мектеп» жобасын жүзеге асыру мақсатында мектеп кітапханасы толық жаңа жиһаздармен жабдықталып, оқулықтармен, көркем әдебиеттермен толықтырылды.
***
Мектеп ұжымы «Өнеріміз саған, Қазақстан!» атты қалалық фестивальге қатысып, "Үндестік" жобасы шеңберінде педагог-оқушы-ата-ана үштұғырлықтың белсенділігімен жүлделі 2-ші орынды иеленді.
***
«Қазіргі жағдайдағы әскери-патриоттық тәрбие – балаларды қосымша білім беру жүйесіне тартудың мақсатты процесі ретінде» тақырыбында облыстық семинар өткізді. Семинарда мектеп ұжымы мен оқушылардың қатысуымен концерттік бағдарлама ұсынылды. АӘТД пәні мұғалімі Какимжанов Қ. К. "Табиғи жағдайда автономды өмір сүру" тақырыбында семинар қатысушыларымен мастер-класс жүргізді.
***
Ағымдағы жылдың 1 қыркүйектен бастап 1-4 сыныптардың оқушылары тегін тамақпен қамтылды.
***
Оқушылардың қауіпсіздігін күшейту үшін тиісті жүйелерді: бейнекамераларды, дабыл түймелерін, турникеттерді орнату және олардың жұмыс істеуі барынша қамтамасыз етілді.
***
Мектеп оқушылары «DODA» облыстық дарынды және шығармашыл балалар лигасынан бас жүлдені иеленді.
***
«Волейбол» спорттық ойын түрінен қалалық мектеп лигасы өз мәресіне жетіп, жас спортшыларымыз волейболдан І орынға ие болды.
***
«AMANAT» париясы мен Лисаков қаласы білім бөлімінің ұйымдастыруымен мектебімізде өткізілген өңірлік «Тіл тамыры - отбасы» байқауына әрі ұстаз, әрі ата-ана Караевтар отбасы қатысып, білім беру ұйымдарына арналған «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» мақсатын негізге ала отырып, отбасы тәрбиесін насихаттап, бас жүлдені жеңіп алды. Облыстық кезеңге жолдама алып, облыстық кезеңнен жүлделі 3-ші орынды иеленді.
https://schoollsk3.edugov.kz/kz/t-rbie-zh-mysy/266-t-rbie-isi-zh-ninde-2023-zhyl-y-esep-beru.html#sigFreeIdfc1e7e1a64




