«Абай әлеміне саяхат» әдеби кеші өтті! Ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы қарсаңында және ұлы мұрасын дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған бұл кешке қалалық мектептердің оқушылары қатысты. Оқушылар хакімнің өлеңдері мен қара сөздерін нақышына келтіре оқып, әндерін орындап, шығармашылық өнерлерін ортаға салды. Бұл кеш жас ұрпақтың рухани дүниесін байытып, Абайдың мол мұрасын тереңірек танып - білуге жол ашты.

#Абайәлемі #ӘдебиКеш #РуханиҚазына #АдалАзамат