Іс шараның тақырыбы: «Абай жолымен - жарқын болашаққа»
Мақсаты: Болашақ мектеп табалдырығын аттағалы отырған бірінші сынып білім алушыларын мектепке тарту, қазіргі таңда бірінші сыныпта білім алушылардың ата аналарын мектептің оқу тәрбие процесімен таныстыру
Биылғы оқу жылында мектебімізде бірінші сыныпқа қабылданған білім алушылардың ата - аналарына және болашақ бірініші сынып оқушыларының ата - аналарына арналған ашық есік күні ұйымдастырылды. Қараша айының 19 күні бірінші сынып оқушыларының бейімделуіне байланысты сынып ата - аналары, болашақ бірінші сынып ата - аналары, мектеп әкімшілігі мен қалалық білім бөлімінің әдіскерлері және балабақша тәрбиешілері мен психологтары, балабақша меңгерушілерінің қатысуымен Әліппе пәнінен ашық сабақтар өткізілді. Сабақты өткізген 1 сынып жетекшісі Акишова Шарбану Балгабавна. Әліппе пәнінен оқушылардың дыбысты ажырата алатыны және сауаттылығы мен сөйлеу мәнерінің де жақсы дамығаны айқындалды. 1 - сынып оқушыларының мектеп өміріне бейімделіп қалғанын және мектеп қабырғасында балабақша қарағанда баса назар білімге аударылатынын көріп, біраз оң пікірлер айтылды. Бірінші сынып оқушыларының сөздік қорлары жас ерекшеліктеріне сай дамығанын, оқыған мәтіннің мазмұнын толық жеткізе алатындығын сабаққа қатысқан бірнеше әдіскерелер де,ата аналарда баса айтып өтті.
https://schoollsk3.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/331-2025-2026-o-u-zhylynda-bolasha-birinshi-synyp-bilim-alushylary-shin-zh-rgizilgen-zh-mystar-any-tamasy.html#sigFreeId8d1fe44fb1
Ашық есік күніне «Мұрагер» және «Нұрлы жол» бала бақшаларынан ата - аналар келіп қатысты. Бағдарламаға сәйкес сабақтар, ата - анамен тренингтер және үйірме жұмыстарынан үзінділер көрсетілді.
https://schoollsk3.edugov.kz/kz/zhanaly-tar/331-2025-2026-o-u-zhylynda-bolasha-birinshi-synyp-bilim-alushylary-shin-zh-rgizilgen-zh-mystar-any-tamasy.html#sigFreeId63d88a879f
Ашық есік күні барысында ата аналар тарапынан бірнеше оң пікірлер айтылып,балаларының мектеп өмірімен таныстыруға мүмкіндік алғандары үшін алғыстарын білдірді.




