14- мамыр  күні «Отбасындағы тәрбиенің бала өміріне әсері» атты тақырыпта 1- 11- сынып ата-аналарымен дөңгелек үстел  өтті.

Мақсаты: Қазіргі кездегі баланың дамуына жеке тұлға болып қалыптасуына  ата- ана тәрбиесінің үлесі зор екендігін түсіндіре отырып, қарым - қатынас орнату. Ата-аналарды өздерінің балаларының жан-дүниесін  түсінуге  білуге және қиындықта қол ұшын соза білуге ықпал ету.

Ұйымдастыру кезеңі:

  1. «Өрмекшінің торы» атты танысу тренингі

    Сіздермен танысу мақсатында «Өрмекшінің торы» атты тренингін өткіземін.  Мен жіптің басын ұстап қалып, өзімнің аты – жөнімді және жақсы қасиеттерімді айтамын да, келесі адамға жіпті лақтырамын. Осылайша кезектесіп жіпті бір – біріңізге бересіздер. Бір-бірімізге жіпті беру арқылы өрмекшінің торы шығады. Енді сіз алдыңыздағы адамның аты мен жақсы қасиеттерін айта отырып, кері қайтарып бересіздер.

Теориялық бөлім

«Жанұядағы тәрбиенің балаға әсері» бандамашы Ергалиева З.Б

  «Қар қиыршықтары»жаттығуы

Нұсқау: Ақ қағазды алып ортасынан бүктеймізде, оң бұрышын жыртып  аламыз.Тағы да бүктеймізде оң жақ  бұрышын жыртып аламыз.Осылайша  мүмкіндігінше жалғастырамыз. Енді барлығымыз өзіміздің қар қиыршықтарымызды ашып қараймыз.

Талдау:

Кімде бірдей қар қиындысы шықты?

Жоқ, Себебі неде деп ойлайсыңдар?

Неге бәрімізде бірдей ақ қағаз және бірдей әрекет жасасақта  қар қиыршықтары басқаша шықты деп ойлайсыңдар?

Психолог сөзі: Себебі,  бәріміз бірдей әрекет жасағанмен біздер әр түрлі адамдармыз, әр түрлі қимылдаймыз. Ал балаларымызға келсек, әр қайсысы бөлек тұлға, әрқайсысының ойлауы,  дүниетануы  көзқарасы  бәрі де әр түрлі.  Бүгіні  жиналуымыздың  бірден бір себебі   балаларыңызға жан-жақты  қолдау көрсету.

«Ащы пияз» қазіргі заман аңызын ата-аналар тыңдай отырып, Отбасы заңы туралы ойларын ортаға салды. Нәтижесінде:

 Отбасы заңы  = 1 + 2 + 3 + 4

1заң-әке мен ананың балаға қоятын талаптарының бірдей болуы

2 заң- бала үшін мақтаудың маңыздылығы

3 заң- отбасы мүшелерінің әрқайсысының еңбекке араласуы

4 заң- ересектер мен балалар арасында материалдық және моральдық игіліктерді теңдей бөлу. Кеңестер берілді.

Жеті құндылық» жаттығуы

Бұл жаттығу барысында ата-аналар 7 құндылықтың (отбасы, әке, бала, ана, үй , ақша, жұмыс) маңызды екені туралы өз ойларын ортаға сала отырып, бала өміріне де қаншалықты маңызды екенін ұғынды.

«Мадақтау және жазалау» психологиялық жаттығу

Жаттығу барысында ата-аналар отбасында баланы қалайша мадақтап, қалайша жазалау керектігі жөнінде өз ойларын ортаға салып, кеңестер алды.

Балаңыздың бос уақытын қадағалаңыз. Көбінде балалар бос уақытын ғаламторда өткізеді. Себебі бүгінде ғаламторды білмейтін жеткіншек жоқ. Сондықтан ата-ана баланың ғаламтор желісіндегі уақытына бақылау жүргізу қажет. Сонымен қатар ата-ана ғаламтордағы зорлық-зомбылық, алаяқтар  мен құмар ойындардан, зиянды форумдар мен тыйым салған идеологиядан өз баласын сақтандырғаны жөн. Яғни баланың ақпараттық қаіпсіздігіне ұқыппен қарағайсыз. Сондай-ақ балаңыздың күн тәртімен дұрыс жұмыс жасай біліңіз.

Балаңызды мақтан тұтыңыз. Қолдау білдіріңіз. Мінсіз жақсы көріңіз.  Осы тұста балаңызға «маған жаман бала керек емес», «мен не айтам, соны орында», немесе «сенен түк шықпайды» деген секілді баланың өмірде жетістікке жетуіне кедергі болатын сөздерді тілдік қордан алып тастаңыз. Керісінше оның орнына «жарайсың», «жақсы», «бәрекелді», «тамаша», «сен бүгін көп іс бітірдің» деген сөздермен алмастырыңыз.  Себебі бала өзіне айтылған мақтауға лайық болуға тырысады. Сонымен қатар ата-ана баланың өзін-өзі дұрыс бағалауына зор ықпал ететін естен шығармағаны жөн.

Балаңызға сенім артыңыз. Ұлы Абай атамыз: «Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады» деген екен. Сол секілді жақсы ата-ана болуға тырысыңыз. Себебі балаңыз – сіздің айнаңыз. Ал өтірік айтудан қашатын, мейірімділік пен бауырмалдыққа баулыймын десеңіз, жай ған балаңызға сеніңіз, шынайы сенім артыңыз және өзіңіз соған лайық болыңыз. Сонымен қатар балаға қатысты барлық дүниеге жауапкершілікпен қараңыз.

Рефлекция кезінде ата-аналар тренинг барысында алған әсерлерімен бөлісіп, ризашылықтарын білдірді.